Өнімдер мен қызметтер бойынша HERE құпиялық саясаты
ҚҰПИЯЛЫҒЫҢЫЗ ЖАЙЫНДА ОЙЛАЙМЫЗ
HERE Global B.V., соның ішінде оның аффилирленген тұлғалары («HERE»), сіздің құпиялығыңызды құрметтеуге, сондай-ақ қолданыстағы деректерді қорғау және құпиялық туралы заңдарды сақтауға міндеттенеді. Бұл құпиялық саясатында («Саясат») HERE компаниясы деректер бақылаушысы болып табылатын немесе осы Саясат қолданылатын жағдайларда біздің жеке деректерді жинау және пайдалану әдістеріміз сипатталады. «Жеке деректер» сізге немесе басқа жеке басы анықталатын тұлғаға қатысты ақпаратты білдіреді.
Біз осы Саясаттың қосымшаларында белгілі бір өнімге немесе қызметке тән қосымша құпиялық туралы ақпарат және өнімдерімізді немесе қызметтерімізді пайдаланғанда көруге болатын басқа да хабарландыру береміз. Егер мұндай хабарландырулар мен осы Саясаттың арасында айырмашылық болса, онда алдымен хабарландырулар қарастырылуы тиіс.
Құрылғыңыздағы бағдарламалық құрал ақпаратыңызға қол жеткізе алады. Біздің өнімдер мен қызметтер өз құпиялық саясаты бар басқа компаниялардың вебсайттары мен қызметтеріне сілтемелерді қамтуы мүмкін немесе оларға енгізілген болуы мүмкін. Біздің өнімдер мен қызметтер біздің тұтынушылардың өнімдері мен қызметтеріне енгізілген жағдайда, біз тұтынушылардан сізге қажетті ашықтықты қамтамасыз етуді талап етеміз. Бұған осы Саясатқа және тиісті Қосымшаларға сілтемелер беру немесе бізді қызмет провайдері немесе бақылаушы ретінде анықтайтын біріктірілген немесе енгізілген хабарламалардың ашықтығын қамтамасыз ету әрекеті кіруі мүмкін.
Егер осы Саясатпен келіспесеңіз, өнімдеріміз бен қызметтерімізді пайдаланбаңыз немесе HERE компаниясына жеке деректеріңізді бермеңіз.
Сіздің жеке деректеріңізді немесе басқа ақпаратты сіз біздің қызметтер мен өнімдерді (Түпнұсқалық жабдық өндірушілері («OEM») шығаратын және біз пайдаланатын navigation.com дүкендерін қосқанда) сатып алғанда, пайдаланғанда немесе тіркелгенде, науқандарға не зерттеулерге қатысқанда немесе басқа жолмен бізбен әрекеттескенде жинаймыз. Оған мынадай санаттар кіреді:
Өнімді және қызметті белсендіру
HERE өнімдері мен қызметтері электрондық белсендіруді қажет етуі мүмкін. Бұл жағдайда сіздің құрылғыңыз бен қолданбаңыздың түрі, сондай-ақ бірегей құрылғы, қолданба, желі және жазылу идентификаторлары HERE компаниясына жіберіледі.
Өнімдер мен қызметтерді пайдалану
Біздің қызметтерді онлайн пайдаланғанда, біздің веб-серверлер сіздің кіруіңіз туралы жазбалар жасайды. Бұл жазбаларға әдетте IP мекенжайы, кіру уақыттары, сілтеме арқылы келген веб-сайттар, кірген беттер, пайдаланылған сілтемелер мен мүмкіндіктер, қаралған немесе сұралған мазмұн, браузер немесе қолданба түрі, тіл және басқа осындай ақпарат кіреді. Сондай-ақ, Cookie саясаты бөлімін қараңыз.
Қолданбаларымыз, мысалы, жаңартулар бар-жоғын тексеру немесе қызметтің пайдаланылуына қатысты ақпаратты бізге жіберу мақсатында серверлерімізге жүйелі түрде байланысуы мүмкін. Оған қоса, біз сізді өнімдер мен қызметтерді жақсарту немесе зерттеу жөніндегі егжей-тегжейлі ақпарат жиналатын ерікті бағдарламаларға қатысуға шақыруымыз мүмкін. Қосымша мәліметтерді осы Саясаттың қосымшаларынан қараңыз.
Сіздің бізге ұсынатын ақпаратыңыз
Сіз аккаунт құрғанда, өнімді сатып алғанда, қызметтерді сұрағанда, зерттеу немесе науқандарға қатысқанда не болмаса бізбен басқа жолмен әрекеттескенде, біз сіздің атыңызды, электрондық поштаңыздың мекенжайын, телефон нөміріңізді, мекенжайыңызды, пайдаланушы атыңызды және құпиясөзіңізді, кері байланысты, сіздің құрылғыңызға қатысты ақпаратты, жасыңызды, жынысыңызды және тіліңізді, есептесу шотыңызды, кредиттік картаңыздың деректерін және басқа қаржылық ақпаратты сұрауымыз мүмкін.
Сондай-ақ, біз берген келісімдеріңіздің, қалауларыңыздың және орын деректері, маркетинг және жеке деректерді бөлісу сияқты опцияларға қатысты параметрлердің жазбаларын жүргіземіз.
Бізбен жасаған транзакцияларыңыз
Біз сіздің сатып алу, жүктеп алу әрекеттеріңіз туралы жазбаларды, бізге ұсынған мазмұныңыз, сұрауларыңыз, сіз және HERE компаниясының арасындағы келісімдер, сізге берілген өнімдер мен қызметтер, төлем және жеткізу деректері, сіздің байланыс ақпаратыңыз және бізбен басқа әрекеттесуіңіз туралы жазбаларды өзімізде сақтаймыз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, клиенттерге қолдау көрсету орталығымен немесе басқа да осындай байланысу бөлімдерімен хабарласқаныңызды тіркеуіміз мүмкін.
Орналастыру және орын деректері
Геолокациялық қызметтер орынды жерсерік, мобильді телефон, Wi-Fi, аз энергия тұтынатын Bluetooth («BLE») немесе желіге негізделген басқа орналастыру әдістерінің көмегімен анықтайды. Бұл технологиялар сіздің орын деректеріңіз бен бірегей құрылғы немесе мобильді телефон, Wi-Fi, Bluetooth немесе басқа желілік идентификаторларды HERE компаниясымен алмасуды қамтуы мүмкін. Өнімдеріміз бірнеше құрылғы платформасында, қолданбаларда және қызметтерде жұмыс істеуі мүмкін және олар да орын деректеріңізді жинауы ықтимал. Сіз келісім бермесеңіз, бұл ақпаратты жеке басыңызды анықтау мақсатында пайдаланбаймыз.
Сіз біздің геолокациялық қызметтеріміз бен мүмкіндіктерімізді, мысалы, орынға негізделген іздеу, навигация және бағдарлау функцияларын пайдаланғанда немесе карта деректерін сұрағанда, сізді тиісті мазмұнмен қамтамасыз ету үшін, орын деректеріңіз HERE компаниясына жіберіледі және оған орынға негізделген жарнамалар кіруі мүмкін.
Серіктестер ұсынған ақпарат
Біз ақпаратты өнеркәсіп серіктестерінен және бизнес тізілімдері секілді көпшілікке қолжетімді көздерді қосқанда түрлі басқа көздерден аламыз. Осы деректерді бізге жіберу алдында оларды қолданыстағы заңдарға сәйкес жіберу және анонимдеу үшін заңды негіз бар екеніне көз жеткізе отырып, біз бұл көздердің осы деректерді жинауға және бізге жіберуге қатысты қолданыстағы заңдарға сәйкестігін талап етеміз.
Жеке деректерді не үшін өңдейміз?
HERE компаниясы жеке деректерді төмендегі мақсаттар үшін өңдеуі мүмкін. Бір немесе бірнеше мақсат бір уақытта қолданылуы мүмкін.
Өнімдер мен қызметтерді қамтамасыз ету
Сізді өнімдерімізбен және қызметтерімізбен қамтамасыз ету үшін, сіздің сұрауларыңызды өңдеу үшін немесе қажет болғанда сіз бен HERE компаниясының арасында келісімшарт жасау үшін, біздің өнімдер мен қызметтердің жұмысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сізді анықтау үшін, сондай-ақ айлакерлік пен басқа қате пайдаланудың алдын алу үшін біз сіздің жеке деректеріңізді пайдалануымыз мүмкін.
Есептік жазбалар
Кейбір қызметтер сіздің мазмұныңыз бен қалауларыңызды басқаруға көмектесу үшін есептік жазбаны талап етуі мүмкін. Қызметке қарай есептік жазбаны жасау міндетті немесе ерікті болуы мүмкін. Есептік жазбаны жасау кезінде сізден атыңыз, электрондық пошта мекенжайыңыз, тұратын еліңіз және туған күніңіз секілді өзіңізге қатысты негізгі байланыс мәліметтері талап етіледі. Профиліңізді жасағанда өзіңіз туралы толығырақ ақпаратты, мысалы, өзіңіз таңдаған фотосуретті немесе аватарды өз еркіңізбен ұсынуыңызға болады.
Өнімдер мен қызметтерді дамыту және басқару
Біз сіздің жеке деректеріңізді өз өнімдерімізді, қызметтерімізді, тұтынушыларға көрсетілетін қызметті, сауда мен маркетингті дамыту және басқару үшін пайдалануымыз мүмкін. Біз сіздің HERE өнімін және/немесе қызметін пайдалануыңызға байланысты жиналған жеке деректеріңізді қолымыздағы сіз туралы басқа жеке деректермен біріктіруіміз мүмкін. Бұл деректерлердің жинақталған мақсаты әр түрлі болса ғана олар біріктірілмейді.
Сізбен байланысу
Біз сізбен байланысу үшін, мысалы, қызметтеріміздің өзгергені жайлы сізге хабарлау үшін немесе өніміміз және/немесе қызметімізге қатысты маңызды ескертулер мен басқа хабарламалар жіберу үшін және тұтынушыны қолдау қызметіне қатысты мақсатта сізбен хабарласу үшін, сіздің жеке деректеріңізді пайдалануымыз мүмкін.
Маркетинг, жарнама және ұсыныстар жасау
Біз сондай-ақ сізге ұсынылатын жаңа өнімдер, қызметтер мен жарнамалар туралы хабарлау үшін және сіздің келісіміңіз болса немесе ол басқа жолмен рұқсат етілген болса, нарықты зерттеу үшін хабарласуымыз мүмкін. Біз ұсынысымызды жекелеу үшін және сізге көбірек тиісті қызметтер ұсыну үшін, мысалы, ұсыныстар жасау үшін және қызметтерімізде тұтынушылардың талабына сәйкес келетін мазмұнды және жарнаманы көрсету үшін сіздің жеке деректеріңізді пайдалануымыз мүмкін. Бұған HERE компаниясының және үшінші тарап мазмұнының көрсетілуі кіруі мүмкін.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеу үшін заңды негізіміз қандай?
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеу үшін заңды негізіміз өңдеу мақсатына тәуелді және сіз пайдаланатын өнімге немесе қызметке қатысты қосымшада сипатталғандай әр түрлі болуы мүмкін. Жалпы, біз сіздің жеке деректеріңізді мына заңды негізде өңдейміз:
Келісімшарт міндеттерін орындау
Біз сіздің жеке деректеріңізді біз немесе біздің тұтынушыларымыз қамтамасыз еткен, сіз пайдаланатын өнімге немесе қызметке қатысты Қызмет шарттары бойынша міндеттерімізді орындау үшін өңдейміз. Қызмет шарттары мына веб-бетте қолжетімді: https://legal.here.com/terms.
Сіздің келісіміңіз
Сіз өңдеу әрекетіне келіскен болсаңыз, біз сіздің жеке деректеріңізді өңдейміз. Келісіміңізден кез келген уақытта бас тартуға болады. Бұл сіздің келісіміңіздің негізінде жеке деректеріңізді бұдан әрі өңдеу әрекетімізді тоқтатады, бірақ бас тартпай тұрғанда сіздің келісіміңіздің негізінде орындалған өңдеудің заңдылығына әсер етпейді. Біздің өнімдер мен қызметтердің кейбір мүмкіндіктері тек келісім негізінде қолжетімді болуы мүмкін.
Заңды міндеттемелер
Біз сіздің жеке деректеріңізді заңдар мен ережелерге сәйкес келу үшін қажетінше өңдейміз.
Заңды мүдделер
Біз сіздің жеке деректеріңізді заңды мүдделерімізді басқару, дамыту, сынау, сақтау және шектелген жағдайларда маркетинг, жарнамалау және біздің өнімдер мен қызметтерге қатысты ұсыныстар жасауға байланысты мүдделерімізді алға жылжыту үшін өңдейміз. Бұндай өңдеу сіздің жеке деректеріңізге қатысты негізгі құқықтарыңыз бен еркіндігіңізді қорғау үшін тиісті шаралармен бірге орындалады және кез-келген жағдайда осы Саясатта көрсетілген шектеулерге жатады. Біздің заңды құқықтарымыз туралы толық ақпарат немесе сипаттама өнімге немесе қызметке қатысты қосымшаларда берілуі мүмкін.
Жеке деректерді біз қанша уақыт сақтаймыз?
Біз жеке деректерді тек қажетті мақсатында жинап, осы мақсат үшін қажет болған уақытқа дейін сақтауға тырысамыз. Жеке деректерді сақтау уақытының ұзақтығы және ол уақытты анықтау критерийі жеке деректердің табиғатына және оны ұсыну мақсатына тәуелді. Мысалы, сіздің есептік жазбаңызды басқаруға қатысты жеке деректеріңіз (мысалы, атыңыз, электрондық пошта мекенжайыңыз, есептік жазба мазмұны және қалауларыңыз) есептік жазбаңыз бойынша өзіңіз қалаған уақытқа сақталады. Басқа деректер, мысалы, қолданбадағы сіздің әрекеттеріңіз туралы жазбалар анонимдеуге немесе лақап ат беруге дейін әдетте қысқа мерзімге сақталады. Қосымша ақпарат сіз пайдаланатын өнімге немесе қызметке қатысты қосымшада берілуі мүмкін. Жеке деректеріңіздің сақталуы туралы қосымша ақпарат алу үшін HERE кеңсесіне privacy@HERE.com электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарласуға болады.
Жеке деректермен бөлісеміз бе?
Егер төменде басқаша көрсетілмесе, біз жеке деректеріңізді үшінші тараптарға сатпаймыз, жалға бермейміз, жалға алмаймыз немесе қандай да басқа жолмен жарияламаймыз.
Сіздің келісіміңіз және әлеуметтік желіде бөлісу қызметтері
Сіздің келісіміңіз болса ғана сіздің жеке деректеріңізбен бөлісе аламыз. Кейбір қызметтер жеке деректеріңізді қызметтің басқа пайдаланушыларымен немесе басқа қызметтермен және олардың пайдаланушыларымен бөлісуге мүмкіндік береді. Қандай да бір жеке деректерді немесе басқа пайдаланушылар қол жеткізе алатын ақпаратты жарияламас бұрын дұрыстап ойланып алыңыз.
HERE компаниялары және өкілетті үшінші тараптар
Біздің жеке деректеріңізбен басқа HERE компанияларымен және осы Саясатта сипатталған мақсатта HERE компаниясы үшін жеке деректерді өңдейтін өкілетті үшінші тараптармен бөлісуіміз мүмкін. Бұл, мысалы, желілік қызмет провайдерімен есеп айырысу, сатып алған өнімдеріңізді жеткізу, тұтынушыға көрсетілетін қызметті қоса алғанда қызметтер көрсету, тұтынушы деректерін басқару және талдау, кредиттік тексеру, зерттеу жүргізу, нарықты басқару және басқа науқандарды қамтуы мүмкін. Желі қызметі провайдерінің тарифтік жоспары арқылы бізден HERE өнімін сатып алғанда, сізге осындай қызметті қамтамасыз ету үшін желі қызметіңіздің провайдерімен ақпарат алмасуымыз қажет болуы мүмкін.
Біз серіктестерімізбен, мысалы, сіздің ұялы байланыс операторыңызбен бірігіп, маркетингтік және басқа байланысу әрекеттерін орындауымыз мүмкін. Қажетсіз байланыстарды немесе олардың қайталануын болдырмау үшін және хабарламаны сізге оңтайландыру үшін, заң бойынша рұқсат етілген жағдайларда HERE компаниясы жинаған ақпараттың серіктес жинаған ақпаратқа сәйкестігін тексеруіміз қажет болуы мүмкін.
Бұл өкілетті үшінші тараптарға қандай да мақсатта сіздің жеке деректеріңізді қолдануға болмайды. Біз олардан келісімшарт негізінде міндеттерін орындауды, осы Саясатқа сәйкес әрекет етуді және сіздің жеке деректеріңізді қорғау үшін тиісті қауіпсіздік шараларын қолдануды талап етеміз.
Жеке деректердің халықаралық тасымалдары
Біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз әлемнің түрлі елдерінде орналасқан ресурстар мен серверлерді пайдалана отырып ұсынылуы мүмкін. Сондықтан жеке деректеріңіз сіз біздің қызметтерімізді пайдаланатын елден тыс халықаралық шекаралар арқылы, соның ішінде жеке деректерді арнайы жолдармен қорғау туралы заңдары жоқ немесе деректерді қорғау бойынша басқа заңды ережелері бар Еуропалық экономикалық аймақтан (ЕЭА) тыс елдерге, мысалы, Америка Құрама Штаттарына тасымалдануы мүмкін. Бұндай жағдайларда біз бұндай тасымал үшін заңды негіздің болуын және қолданыстағы заң талап еткендей жеке деректеріңіздің тиісті жолмен, мысалы, Еуропалық комиссия немесе тиісті органдар (қажет болғанда) растаған стандартты келісімшарт тармақтарына сәйкес және тиісті техникалық және ұйымдық ақпаратты қорғау шараларын қолданып, қорғалғанын қадағалаймыз, Осындай тасымалдарға байланысты біз қолданатын қауіпсіздік шаралары туралы қосымша ақпарат алу үшін HERE кеңсесіне privacy@HERE.com электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Өзгертілмейтін Стандартты келісімшарт талаптарының көшірмесін мына веб-тораптан алуға болады: https://ec.europa.eu/info/law/law-topic/data-protection/data-transfers-….
Міндетті жариялау
Біз белгілі бір билік органдарына немесе басқа үшінші тараптарға, мысалы, біз немесе біздің атымыздан үшінші тараптар әрекет ететін елдердегі құқық қорғау органдарына заң талабы бойынша сіздің жеке деректеріңізді жариялауға міндетті болуымыз мүмкін. Сондай-ақ сотта немесе үкімет талабына байланысты HERE компаниясының заңды мүддесін қорғау үшін, біз қолданыстағы заңға сәйкес сіздің жеке деректеріңізді жариялауымыз және өңдеуіміз мүмкін.
Қосылу және жұтылу
Егер біз нақты елдерде өз бизнесімізді сату, сатып алу, қосу немесе қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдасақ, біз болашақ немесе іс жүзіндегі сатып алушыларға және олардың кеңесшілеріне жеке деректерді ашуымыз мүмкін немесе сатушылардан және олардың кеңесшілерінен жеке деректерді алуымыз мүмкін.
Балалар құпиялығымен қалай жұмыс жасаймыз?
HERE өнімдері мен қызметтері әдетте жалпы көпшілікке арналған. HERE компаниясы балалардың ата-анасының немесе қамқоршыларының келісімінсіз олардың ақпаратын әдейі жинамайды. HERE компаниясы біздің веб-сайттардағы интернет қызметтерін пайдалану бойынша қауіпсіздік нұсқауларын жариялайды.
Деректердің сапасын қалай қамтамасыз етеміз?
Біз иелігімздегі жеке деректердің дәлдігін сақтау үшін және қате немесе қажетсіз жеке деректерді жою үшін қажетті шараларды қолданамыз.
Жеке деректеріңіздің жаңартылуын қамтамасыз ету үшін, оларды есептік жазба арқылы жүйелі түрде ашып тұруды ұсынамыз.
Жеке деректерді қорғау үшін қандай қадамдар қолданылады?
Өнімдеріміз бен қызметтерімізді жасау және жеткізу кезінде құпиялық пен қауіпсіздік басты факторлар болып табылады. Біз мекенжай құпиялығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты нақты міндеттер жүктедік. Біз тиісті әрекеттерді таңдау, соның ішінде алдын ала және орай әрекет етіп тәуекелді басқару, қауіпсіздік пен құпиялықты қамтамасыз ету техникасы, оқыту және бағалау арқылы ішкі саясаттарымыз бен басқару принциптерін іске асырамыз. Қорғалатын деректердің өңделуі мен сипаты бойынша төнетін қауіп-қатерлерді ескере отырып, онлайн қауіпсіздік, физикалық қауіпсіздік, деректердің жоғалу қаупі және басқа осындай қауіптерді шешу мақсатында тиісті шаралар қолданамыз. Сондай-ақ біз осындай ақпаратты алуға негізделген қажеті бар өкілетті тұлғаларға бұндай деректері бар дерекқорға кіру рұқсатын шектейміз.
Cookie файлдарын және веб-қоңыздарды қалай пайдаланамыз?
HERE компаниясы біздің вебсайттармен және ұсыныстарымызбен жұмыс істеу және оларды жетілдіру үшін cookie файлдарын, веб-қоңыздарды және басқа соған ұқсас технологияларды пайдаланады. Сондай-ақ біз cookie файлдарын жекелеу және жарнамаларды көрсету үшін пайдаланамыз. Кейбір HERE веб-сайттары жарнамаларды көрсету үшін DoubleClick сияқты үшінші тараптардың жарнамалау технологияларын пайдаланады.
Домендерімізде үшінші тарап атынан cookie файлдарын орнататын, мысалы, үшінші тараптың әлеуметтік желісіне қатысты үшінші тарап элементтері болуы мүмкін. HERE компаниясы cookie файлдарын қалай пайдаланатыны және браузердің параметрлері немесе басқа элементтері арқылы cookie файлдарын қалай ажыратуға болатыны туралы қосымша ақпаратты Cookie саясаты бөлімінен қараңыз.
Сіздің қандай құқықтарыңыз бар?
Бізде сіз туралы қандай жеке ақпарат барын білуге және оған қол жеткізуге құқығыңыз бар. Толық емес, қате, қажетсіз немесе ескі жеке деректерді жаңартуға құқығыңыз бар. Жеке деректеріңіздің өшірілуін және деректеріңіздің машинада оқылатын форматтағы көшірмесін талап етуге құқығыңыз бар. Кейбір жағдайларда, мысалы, деректер сенімді емес немесе өңдеу әрекеті заңсыз деп ойласаңыз, өңдеуге қарсылық білдіруіңізге немесе оны шектеуге құқығыңыз бар. Тікелей маркетингтік хабарламаларға жазылудан бас тартуға және тікелей маркетингтік мақсаттар үшін немесе басқа міндеттеуші заңды негіздер бойынша жеке деректеріңіздің өңделуін тоқтатуды сұрауға құқығыңыз бар. Дегенмен HERE компаниясының маркетингтік және басқа хабарландыруларынан бас тартсаңыз, маңызды ескертулер сізге бәрібір жіберіле беруі мүмкін. Егер сіз Еуропа одағына мүше елде немесе Еуропалық экономикалық аймақта болсаңыз, тиісті басқару органына біздің деректер жинау және өңдеу әрекеттерімізге қатысты шағым беруге құқығыңыз бар.
Бізге хабарласу арқылы немесе есептік жазбаңызды басқару арқылы, құрылғыңыздағы және қызметтеріміздегі қолжетімді профиль басқару құралдарын таңдау арқылы құқықтарыңызды пайдалануыңызға болады. Кейбір жағдайларда, әсіресе, жеке деректеріңіздің жойылуын немесе өңделуінің тоқтатылуын қаласаңыз, бұл сізге қызметтерімізді қамтамасыз етуді жалғастыра алмайтынымызды білдіруі мүмкін. Қолданыстағы деректерді қорғау заңы осы құқықтың әрекет ету шегінде нақты шектеулерді ұсынуы мүмкін. Егер де шектеу қолданылса, қолданыстағы деректерді қорғау заңына сәйкес біз жүзеге асырылатын әрекетті түсіндіре отырып, сіздің сұрауыңызға жауап береміз.
Жеке деректеріңіздің басқарушысы кім?
«HERE Global B.V.» компаниясы – сіздің жеке деректеріңіздің басқарушысы. Мекенжайы: Kennedyplein 222 -226, 5611 ZT Eindhoven, Netherlands.
Оған қоса, өнімді немесе қызметті қамтамасыз ететін HERE аффилирленген тұлғасы да жеке деректеріңіздің басқарушысы болуы мүмкін. Осындай өнімнің немесе қызметтің шарттары мен талаптарын қайта қарау арқылы немесе тиісті HERE веб-сайттарында берілген байланыс ақпаратын пайдалану арқылы басқарушының тұлғасын анықтайтын деректерді және оның байланыс мәліметтерін табуға болады.
HERE компаниясының құпиялық тәжірибесіне қатысты мәселелер бойынша Деректерді қорғау бөлімінің қызметкері мына мекенжай бойынша хабарласуыңызға болады:
HERE Global B.V
c/o Privacy
Kennedyplein 222 -226
5611 ZT Eindhoven
Netherlands
Электрондық пошта: privacy@here.com
Осы Құпиялық саясатына енгізілген өзгерістер
HERE компаниясы уақыт өте осы Саясатқа өзгерістер енгізуге немесе осы сайтқа кіру мүмкіндігін кез келген уақытта ескерте отырып немесе ескертпестен ауыстыруға, өзгертуге немесе жоюға құқылы. Дегенмен егер бұл Саясатқа елеулі, жағымсыз өзгерістер енсе, HERE компаниясы 30 күн бойы осы Саясаттың басында және осы веб-сайттың негізгі бетінде осындай өзгеріс туралы хабарландыру жариялайды. Осы саясатқа енгізілген қандай да бір өзгерістер туралы қосымша ақпарат алу үшін, осы Саясатқа ара-тұра кіріп тұруды ұсынамыз.